
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2025 жылғы 10 сәуір мен 27 мамыр аралығында Департамент пен оның аумақтық басқармалары қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
1) Бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру (Қарағанды облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының тексерулерді тіркеуден бас тартуы бойынша, оның ішінде тіркеу және тексеру жүргізу) және т.б.;
2) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамалардың орындалуын бақылау;
3) әкімшілік практиканы, оның ішінде жеке, лауазымды немесе заңды тұлғалардың кінәсін айқындаудың заңдылығын жүзеге асыру;
4) наразылық-талап қою жұмысын, оның ішінде Департаменттің және/немесе аумақтық басқармалардың пайдасына шығарылмаған шешімдер бойынша жүзеге асыру;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мерзімдері мен тәртібін бұзу, заңсыз санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуден заңсыз бас тарту және жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, оның ішінде артықшылық беру фактілерін анықтау, мерзімдерді бұзу және т. б.;
7) еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамаларын беру;
8) персоналды басқару мәселелері, оның ішінде кадрлардың ауысуы;
9) Департамент бөлімдерінің және оның аумақтық басқармаларының ұйымдастыру-басқару қызметі;
10) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік немесе өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуы, оның ішінде Департаменттің және аумақтық басқармалардың барлық қызметкерлерінің кірістері туралы декларацияларды уақтылы тапсыруы;
11) тәртіптік жаза қолданудың заңдылығы мен уақтылығы, оның ішінде оларды алу кезіндегі негізділігі;
12) мүдделер қақтығысын реттеу;
13) Департаменттің Қаржы-шаруашылық қызметі, сыйлықақы беру тәртібі, оның ішінде үстемеақы төлеу кезіндегі заңдылық;
14) мемлекеттік мұқтажды қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласында.