Қарағанды облысының аумағында профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Қарағанды облысының аумағында профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

БҮГІН, 19 наурызда Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде облыс аумағында профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Кеңес жұмысына облыстық және аумақтық жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, Облыстың Ұлттық сараптама орталығы филиалының басшылары қатысты.

Департамент басшысы Юрий Залыгин дөңгелек үстелге қатысушыларды Қарағанды облысында профилактикалық дезинсекция және дератизация бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету мәселелері туралы хабардар етті. Департамент басшысы дезинфекциялық істің қанағаттанарлықсыз жай-күйінің себептерін, кеміргіштермен және жұқпалы аурулардың басқа да тасымалдаушыларымен күресу, қауіпсіздік шараларын сақтау сияқты профилактикалық жұмыстардың үлкен әсеріне қол жеткізу үшін ведомстволардың уақтылы және келісілген жұмысының қажеттілігін баса атап өтті. Дезинфекциялық қызметті лицензиялау мәселелеріне де назар аударылды.

Кеңеске қатысушылар су айдындары мен ашық стацияларды дезинсекциялауды ұйымдастыру, облыстың бюджеттік шаруашылық субъектілерін (мектепке дейінгі балалар, білім беру, емдеу-профилактикалық мекемелері және т.б.), сондай-ақ тұрғын үй қорын қамти отырып, дератизациялық жұмыстарды жүргізу мәселелерін, сондай-ақ дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсететін объектілерге қойылатын біліктілік талаптарын талқылады.