Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен «Облыстық фтизиопульмонологиялық орталық» ШЖҚ КМК, аудандағы денсаулық сақтау нысандары өкілдерінің қатысуымен Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Қарағанды облысы көлемінде туберкулездің алдын алу бойынша айлық өткізу туралы” бірлескен бұйрығының орындалуы мақсатында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне және туберкулез ауруының алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – эпидемиологиялық жағдаймен танысу, аудан аумағында туберкулез ауруының алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жасауда кездесетін мәселелерді бірлесіп талқылау және шешу.
Туберкулез ауруының жаһандық індет екендігі және оны жоюдағы күш-жігер, аурудың алдын алу, туберкулезге қарсы күресудегі қолданылатын әдістері туралы хабардарлығын арттыру туралы Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басшысы Сабыржан Қырғызалин “Бірінші Қарағанды” телеарнасының жаңалықтар бағдарламасы берген сұхбатынан көре аласыздар, толығырақ келесі сілтемеде: https://youtu.be/IasUR8iX0tg?si=wRWdlM4dxVp4JLDt