Хиджама - бұл капиллярлық қан кетіру, оның барысында қанды кетіру теріні кесу арқылы жүреді. Бұл әдіс орта ғасырларда медицинада танымал болды, алайда қазіргі заманда медицинада қан кетіру арқылы емдеу көрсеткіштері өте шектеулі. Көптеген медицина мамандары хиджаманы денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін инвазивті араласу деп санайды.
Қызметтің бұл түрі лицензиялауға жатпайды, заңнамада рұқсат беру көзделмеген және оған санитариялық-эпидемиологиялық нормалар анықталмаған.
Мұндай қызмет түрін ашу тиісті деңгейде реттелмегендіктен мәселе күрделене түседі, өйткені қысқа мерзімді оқудан кейін кез-келген адамға сертификаттар беріледі. Жеке тұлғалар заңсыз, үйде антисанитариялық жағдайда жүзеге асырады, көбісі тиісті құжаттарсыз жұмыс істейді. Процедура кезінде асептика мен антисептика ережелері сақталмайды, пайдаланылған пластик немесе шыны банкалар дұрыс зарарсыздандырылмайды, олар жай спиртпен сүртіледі, ал спирт вирустар мен бактерияларды жоймайды.
Егер құралдардың стерильділігі сақталмаса, жұқпалы ауруларды, оның ішінде парентеральды инфекцияларды: "В" және "С" гепатиттерін, ВИЧ-инфекциясын жұқтыру қаупі артады.
Қарапайым сақтық шараларын сақтамау осындай қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
Әр адам өзінің денсаулығы туралы байыпты ойлануы керек, дәстүрлі емес ем алуға қатысты дұрыс емес ақпарат, сондай-ақ тексерілмеген мамандар жиі қауіп төндіретінін назарда ұстауы керек.
Халықтық медицинамен заңсыз айналысу, сондай-ақ емшілік әдістерін қолдану кезінде адам денсаулығына зиян келтірген адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Халықтық әдістерге жүгінбес бұрын емдеуді таңдауда өте мұқият болыңыз!