Құрамында жоғары қоректік заттар – дәрумендер, минералдар, антиоксиданттар және басқа да осыған ұқсас компоненттері бар тағамдар – суперфудтар деп аталады.
Оларға келесі өнімдерді жатқызуға болады:
- зығыр тұқымдары - олар импортталған Чиаға балама болып саналады (бұл омега-3 май қышқылдары бар тұқымдар);
- глютенсіз Киноа жармасы - ол ақуыз мен талшыққа бай;
- Матча ұнтақты жасыл шай - оның құрамында антиоксиданттар көп;
- теңіз шырғаны, мүкжидек, көкжидек, авокадо, киви, куркума, кимчи – осы және басқа да тағамдарда көптеген дәрумендер бар.
Сонымен қатар, пайдалы қасиеттері бар өнімдер де танымал: бұл спирулина бар протеинді батондар (кептірілген цианобактериялар), коллаген қосылған сусындар, смузиге арналған ұнтақтар. Осы және басқа да өнімдер денсаулықты жақсартып, қуаттандыруға, иммунитетті нығайтуға кепіл береді.
Дегенмен, келесіні: суперфудтар ғажайып ем емес, адамның диетасының бір бөлігі ғана екенін есте сақтау маңызды. Барлық суперфудтар бәріне бірдей жарамайды - кейбіреулері аллергия тудыруы мүмкін (спирулина), егер олар көп тұтынылса, ас қорыту проблемалары (Чиа) туындауы да мүмкін. Маркетингтің арқасында олардың құндылығы асыра көрсетілуі мүмкін.
Осы ретте, суперфудтарды басқа өнімдермен: Киноа жармасын -қарақұмықпен, Чиа тұқымын - зығыр майымен, матча шайы – кәдімгі жасыл шаймен алмастыруға да болады. Денеге қажет басқа пайдалы заттарды көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар, жаңғақтардан да алуға болады. Қалай болғанда да, ең бастысы – теңдестірілген тамақтану, ал суперфуд оған жағымды қосымша болады.
Егер сіз өзіңіз үшін суперфудты таңдағыңыз келсе, өндірушінің деректерін, оның қаптамасының тұтастығын және қауіпсіздікті растайтын құжаттарды тексеру керек, органикалық және аз өңделген өнімдерді таңдау, сондай-ақ күмәнді жерлерде немесе өте төмен бағамен суперфуд сатып алмау да аса маңызды.
Басқа тамақ өнімдері сияқты, суперфудтың таңбалау және құрамы туралы ақпаратқа назар аудару, оны сақтау шарттарын бақылау, нұсқауларға сәйкес қабылдау маңызды. Таңбалау қаптамаға екі тілде – мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы тиіс. Егер сіз осы нұсқаулардың барлығын ұстанатын болсаңыз, денсаулығыңызға барынша пайда әкеле аласыз.