«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңдарына қатысты құқықтық жалпыға бірдей оқыту өтті

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңдарына қатысты құқықтық жалпыға бірдей оқыту өтті

БҮГІН, 20 желтоқсанда ZOOM форматында  Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы Айгүл Шатекова  аумақтық басқарма мамандарына арналған құқықтық жалпыға бірдей оқыту-дәрісін өткізді.

Дәріс барысында «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, олардың өзекті баптарына қатысты ақпарат берілді.

Аталмыш Заңдарға сәйкес жазбаша және ауызша хабарлама беру ерекшеліктері, ақпарат алу және тарату, бұқаралық ақпарат құралдарына олардың меншік нысандары мен тиесілілігіне қарамастан тең шарттарда ресми хабарламалар ұсынуға мүмкіндік беру мәселелері қаралды.

Сондай – ақ, zoom-кеңес шеңберінде жұмыс барысындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет ету бойынша туындаған проблемалық мәселелер талқыланды, ресми әлеуметтік желілерге және мемлекеттік органның сайтына ақпараттық материалдарды дұрыс тапсыру, әлеуметтік желідегі ақпараттар легін өзектендірудің жаңа нысандарын пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.