
Халықтың жарақаттануы - қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды проблемаларының бірі болып табылады, оның өзектілігі тек медициналық ғана емес, сонымен қатар жарақаттардың салдарымен, көбінесе тұрақты еңбекке жарамсыздықпен және тіпті мүгедектікпен, сондай-ақ сыртқы себептерден болатын өлім-жітімнің жоғары деңгейімен анықталатын әлеуметтік-экономикалық аспектілермен анықталады.
Өндірістік жарақаттану - бұл жұмысшылардың өндірісте алған жарақаттары және, әдетте, еңбекті қорғау талаптарын сақтамау және қанағаттанарлықсыз еңбек жағдайларынан туындаған жарақаттар.
Өндірістік жарақаттардың себептері:
- жұмыс орнын ұйымдастырудағы және күтіп-ұстаудағы кемшіліктер, жұмысқа және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуына бақылаудың жеткіліксіздігі, даярланбаған жұмысшыларды жұмысқа жіберу; талаптарға сай келмейтін еңбек процесін ұйымдастыру, жеке қорғаныс құралдарының болмауы немесе жарамсыздығы;
- санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтер талаптарының бұзылуы, технологиялық процестерді механикаландыру мен автоматтандырудың болмауы, ауыр дене еңбегі, микроклимат пен жарықтандырудың гигиеналық нормативтер талаптарына сәйкес келмеуі, шаңдану, газдану, желдетудің тиімсіз жұмысы, жұмыс орындары мен өндіріс аумағының қажетсіз заттарға толуы;
- жұқпалы емес аурулар немесе жұмысшының шаршауы, біліктілігінің жеткіліксіздігі, алкогольдік масаңдық.
Өндірістік жарақаттануды азайту үшін еңбекті қорғау ережелерін қатаң сақтау қажет, жұмысшылар жарамды жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілуі керек. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер, таңғыш материалдар, шиналар және т.б. жиынтығы бар алғашқы медициналық көмек қобдишасы болуы керек. Жұмысшылардың құзыреттілігін арттыру және осы саладағы білімді толықтыру және оларды тексеру тұрақты болуы керек.
Өндірістік жарақаттануды азайту, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жұмысшылардың кәсіби белсенділігіне, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндіріс кезіндегі шығындардың азаюына әкеледі.
Сыртқы себептерден болатын жарақаттану мен өлім-жітімді азайту жөніндегі проблеманы табысты шешу мемлекеттік құрылымдардың ведомствоаралық деңгейде бірлескен іс-қимылы, қоғамдық ұйымдардың және, ең бастысы, халықтың қалың бұқарасының өткізілетін іс-шараларды (салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру жөніндегі) қолдауы жағдайында ғана мүмкін болады.
Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.