
Май өнімдері дегеніміз не?
Май өнімдері - өсімдік майлары және су, тағамдық қоспалар және басқа ингредиенттер қосылған немесе қосылмаған өсімдік немесе жануарлар майлары (балық және теңіз сүтқоректілерінің майларын қоса алғанда) негізінде өндірілетін өнімдер.
Дайындау процесінде суды, әртүрлі қоспаларды пайдалануға рұқсат етіледі, олар қауіпсіз және тек тамақ өнімдерін дайындауға арналған болуы керек.
Өсімдік майлары майлардан тұратын маңызды тағамдық өнім болып табылады. Сондай-ақ, олар ағзаға өте пайдалы. Өсімдік майларын тұтыну қандағы холестерин деңгейінің төмендеуімен бірге жүреді.
Май өнімдерінің қауіпсіздігі Кеден одағының 024/2011 "Май өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентімен реттеледі.
Адам денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төмендейтін май өнімдерінің өмірлік циклі процесінде пайда болатын қауіпті факторларға (қауіпке) мыналар: улы элементтер, микотоксиндер, пестицидтер, радионуклидтер, тағамдық қоспалардың жоғары болуы, өнімнің механикалық және микробиологиялық ластануы жатады.
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті май өнімдерін сатып алу кезінде мыналарды:
- май өнімдерін сатып алу кезінде қаптамаға назар аударыңыз (май өнімінің қаптамасы оның қауіпсіздігін және өзгермейтіндігін қамтамасыз етуі тиіс, тұтыну қаптамасы бүлінген кезде тағамдық май өнімі айналымнан алынуы тиіс);
- өсімдік майлары ұзақ сақтау кезінде тотығуға бейім болғандықтан, осыған байланысты сақтау шарттары мен мерзімдері бойынша талаптарды сақтау қажет;
- таңбалауға назар аударуды (өнімнің атауы, өндірушінің нақты орналасқан жері, өнімнің массасы мен көлемі; өндіріс үшін пайдаланылған барлық компоненттерді тізімдейтін құрам, тағамдық құндылық көрсеткіші, өндіруші мәлімдеген жарамдылық мерзімі) ұсынады.