Медициналық қалдықтар дегеніміз не?

Медициналық қалдықтар дегеніміз не?

Медициналық қалдықтарға ауру туғызушы микроорганизмдер, радиоактивті және улағыш заттар, жалпы алғанда Менделеевтың барлық кетесі жатады. Егер де осы қалдықтарды дұрыс көмбесе, нәтижесінде оларды балалар тауып алса, жабындысы ашылып, ауа кірсе немесе олар суға түссе не болатынын елестетудің өзі қиын. Медициналық қалдықтар адам денсаулығына ықтимал қауіп төндіреді. Қауіп аумағына медициналық қызметкерлер, техникалық жұмыскерлер, науқастар мен тұтынушылар енеді. Залал табиғатқа, топырақты, су мен ауаны ластау арқылы келтіріледі. Медициналық  ұйымдарда  қалыптасатын  қалдықтар морфологиялық құрамы мен  биологиялық, химиялық және радиобелсенді агенттерді жұқтыру деңгейіне байланысты эпидемиологиялық және экологиялық қауіптілігінің әртүрлі деңгейлері бар.

Ықтимал қауіпті қалдықтар жоғары полиморфтылығымен ерекшелінеді, яғни морфологиялық құрамы әртүрлі, олар тамақ қалдықтарынан, инфекциялық науқастармен жанасқан қаптама материалдарынан, пайдаланылған таңу құралдарынан,  жеке бас тазалығы заттарымен, ыдыс пен анализ алуға арналған мүкаммалдармен, шприц, ине т.б. тұрады. Қалдықтармен дұрыс жұмыс жасамағанда денеге түрлі жарақаттар түсіруге болады: өткір қалдықтармен қолды және басқа жерлерден шаншу немесе жаралап, кесуге де әкелуі мүмкін. Жарақаттардың осындай түрлері өте ауыр салдарға әкелуі әбден мүмкін, себебі қан арқылы ағзаға аса қауіпті аурулардың қоздырғыштары, В және С, АИТВ жұқпасы және т.б. түсуі мүмкін.

Осылайша, медициналық қалдықтар денсаулық сақтау объектілерінде  науқастарға және қызметкерлерге  жұғатын  ықтимал қауіпті микроорганизмдердің резервуары болып табылады, ал басқа инфекциялық қатерлер микроорганизмдердің таралуымен байланысты,  қоршаған ортадан (су, топырақ, ауа) тараған  қалдықтардың жоғары тұрақтылығымен және өміршеңдігімен сипатталады. 

Медициналық қалдықтарды тұрмыстық қатты қалдықтар  (ТҚҚ)  полигондарына еш жағдайда лақтыруға, немесе ашық алаңдарда өртеу арқылы жоюға болмайды, себебі осындай әрекеттер нәтижесінде ауа, топырақ пен жер асты сулары ластанады. Осындай үрдістер халық арасында аурулар деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Созылмалы аурулардың туындау деректері көбейеді, олар мүгедектік қана емес, қайтыс болуы жайттарына да әкелуі мүмкін.

Осындай қалдық түрін кәдеге жаратуды оны жою негізгі жұмыс түріне жататын ұйымдарда өткізген дұрыс.