Шет ауданы Красная поляна ауылындағы орталықтандырылмаған сумен қамту нысандарында дезинфекциялау іс-шаралары жүргізілді

Шет ауданы Красная поляна ауылындағы орталықтандырылмаған сумен қамту нысандарында дезинфекциялау іс-шаралары жүргізілді

Су басу орындарындағы сумен жабдықтау объектілерінде дезинфекциялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау шеңберінде Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнагүл Анитова Шет ауданының Красная Поляна ауылына іссапармен барды. Мамандандырылған ұйым тасқын су басқан жеке тұрғын үйлердің жеке ұңғымалары мен құдықтарына дезинфекция жүргізілуде.   19 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың су басқан аудандарында жергілікті атқарушы органдар сумен жабдықтаудың 82 объектісіне дезинфекция жүргізілді.  Сонымен қатар, Департамент ауыз судың сапасына тұрақты негізде бақылау жүргізеді.

Мәселен, облыс бойынша су тасқыны басталғаннан бері микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін сынамалардың үлес салмағы 0,3% және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша 0,6% құрады, бұл тиісінше республикалық көрсеткіштен 0,9% және 4,7% аспайды.

Сәйкес емес су сынамаларын анықтаудың барлық фактілері бойынша көрсетілетін қызметті берушілер кейіннен зертханалық бақылаумен су құбыры желілерін дезинфекциялау және жуу бойынша іс-шаралар жүргізді, барлық нәтижелер гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келеді.