Тамақтан уланулардың алдын алу бойынша ұсыныстар

Тамақтан уланулардың алдын алу бойынша ұсыныстар

"Жаңа жыл" және "Рождество" мерекелері қарсаңында қоғамдық тамақтану объектілерінде (кафе, мейрамханалар) корпоративтік кештер мен салтанатты іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда, суши, ролл, кәуап, кремді кондитерлік сияқты тандаулы өнімдерді көптеген кафелерде, мейрамханаларда немесе әртүрлі жеткізу қызметтері арқылы үйге тапсырыс беруге болады. Үйде мерекеге дайындалу кезінде, майонез қосылған салаттар мен үйде дайындалған консервілер жиі қолданылады.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын тұрақтандыру мақсатында мерекелік дастарханға арналған тағамдарды дұрыс таңдау және дайындау бойынша негізгі ережелерді ұстануды ұсынады.

Тамақты сатып алудан бастап, жеп-ішуге дейінгі барлық кезеңдерде қолданылатын алдын-алу шаралары тамақтан улану ықтималдығын едәуір төмендететінін ұмытпаңыздар:

- азық-түлік өнімдерін тек бөлшек азық-түлік саудасының белгіленген орындарында және олардың сәйкестігін куәландыратын құжаттар болған жағдайда ғана сатып алыңыз;

- шығу тегі белгісіз, атауы, құрамы туралы ақпаратсыз, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары, сондай-ақ үйде дайындалған тамақ өнімдерін сатып алмау керек;

- өндіруші мәлімдеген сақтау шарттарының сақталуына ерекше назар аудару қажет;

- салаттар, туралған ет пен балықтан жасалған бұйымдар, үйде құйылған желе, тағамның қалдықтарын бір тәуліктен артық сақтамау үшін аз мөлшерде дайындаңыздар;

- ең қауіпті, сақтау мерзімі 3 сағаттан аспайтын, көп компонентті салаттар, әсіресе майонезі бар, сондай-ақ кілегей қосылған кондитерлік, туралған ет өнімдері, және т. б.

- жаңа піскен тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмаңыздар. Егер дайын тағам басқа күні қалса, қолданар алдында оны термиялық өңдеу, қайнату, қуыру керек;

- үйде ыстық және суық тағамдарды дайындаған кезде жеке және өндірістік гигиена ережелерін сақтап, ас үйдің тазалығын қадағалаңыздар;

- жемістерді, соның ішінде цитрусты көп мөлшерде тұтынбауға тырысыңыз, себебі олар аллергия тудыруы мүмкін;

- дәретхана мен қоғамдық орындарға барғаннан кейін тамақтанар алдында қолыңызды жуыңыз;

- жұмыртқаны жемес бұрын, оларды сабынды ерітіндімен мұқият жуыңыз, жұмыртқа қосылған тағамдарды дайындаған кезде "қатты" піскен жұмыртқа қолданған жөн;

- ас үй сүлгілерін, ыдыс жууға арналған губканы, үстелді сүрту үшін шүберекті жиі ауыстырыңыз;

- шикі және дайын тағамдарға арналған тақталарды бөлек қолданыңыз;

- үйде дайындалған консервілерді бейтаныс адамдардан сатып алмаңыз;

- үйде дайындалған консервілерді салқын жерде сақтау керек, бомбажды, яғни қақпағы ісінген банкаларды тұтынбаңыздар, оларды жою қажет.