Дезинфекция, дезинсекция және дератизация туралы НЕНІ БІЛІ КЕРЕК?

Дезинфекция, дезинсекция және дератизация туралы НЕНІ БІЛІ КЕРЕК?

Қарапайым адам дератизация, дезинфекция және дезинсекция процедураларының қалай ерекшеленетінін кейде түсіне бермейді. Кеміргіштер, жәндіктер түріндегі «шақырылмаған қонақтар" үй ішінде пайда болған кезде, көптеген адамдар «қайда жүгіну керек?", "қандай іс-шаралар өткізу керек?" деген сауалдар қоя бастайды, өйткені мұндай" қонақтармен  «өмір сүру» жағымсыз және қауіпті. 

Бұл процедуралардың негізгі айырмашылықтарын нақты түсіну үшін оларға анықтама беру керек:

* дезинфекция - бұл сыртқы ортадағы жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар кешені;

* дезинсекция - адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты олардан қорғау мақсатында жәндіктер мен буынаяқтыларды жою жөніндегі алдын алу және жою іс-шараларының кешені;

* дератизация - кеміргіштер санын жоюға немесе азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешені.

Іс-шараларды таңдау сізде немесе басқа үй-жайларда қандай зиянкестер пайда болғанына байланысты.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ кодексі 107-бабына сәйкес инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы, таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаттары есебінен жүйелі негізде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндетті.

Профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны (инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының аумағында, сондай-ақ инфекциялық аурулардың ошақтарында дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

Адамның инфекциялық және паразиттік ауруларының ошақтарында және инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарында ошақты дезинфекциялауды, дезинсекциялауды, дератизациялауды инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және (немесе) жою мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары мен медициналық ұйымдар жүргізеді.

Зиянкестерден өз бетіңізше құтылуға болады, бірақ бұл қиын шара, егер сізде зиянкестерді өз бетіңізше жоюда қиындықтар туындаса, сіз дезинфекция, дератизация және дезинсекция жүргізетін кәсіби аккредиттелген компанияға жүгіне аласыз.