Бүгінгі таңда тез тамақтану индустриясы кеңінен тарап, дамыған. Жұмыс басты адамдар «жылдам тамақтануды», фастфудтарды жеуді қалыпты құбылыс ретінде қарайды, тез арада жартылай фабрикаттарды қысқа толқынды пеште жылытып, жұмысқа бара жатқанда жолда «жүрек жалғауға» ыңғайлы деп есептейді.
Фастфуд дегенде көз алдына гамбургерлер мен фри картоптары елестейді, дегенмен олардың түрі өте көп, оларға тез дайындалатын кеспелер (лапша), қаптамадағы пюре мен сорпалар, ет пен балықтың тартылған етінен жасалған жартылай дайын өнімдер, пицца, шаурма, тез дайындалатын ботқалар мен тағы басқалары кіреді.
Барлық фастфудтар калориясы жоғары тағамға жатады, оның құрамында көміртектің көлемі көп, сол себепті адамдар артық салмақты тез қосып алады. Бұдан бөлек, фастфудтың құрамында қант пен тұз, консерванттар, дәмдеуіштер, тамақ бояуы көп мөлшерде кездеседі, осылайша адам ағзасына теріс әсер етеді, әсіресе қандай да бір созылмалы аурулар болса айтарлықтай зиян келтіреді.
Фастфудтарды жиі жеу адамның барлық ағзасындағы жұмысқа кері әсер етеді, семіздік, диабет, жүрек-қан тамырлары ауруларына, ішек-асқазан жолдарын, онкология және басқа да ауруларға әкеліп соғады. Осы аталған диагноздардың біреуі немесе бірнешеуі анықталған соң ғана адам ойланып, дұрыс тамақтануды қолға алып, зиянды тағамдардар, оның ішінде фастфудтан бас тартады.
Тамақ дайындау технологиясын, тамақ дайындау кезінде шикізат пен дайын фастфудты сақтау және тасымалдау шарттарын, жеке бас гигиенасын сақтамау тамақтан улану жғдайының орын алуына себеп болып, соның салдарынан адам ағзасына қауіп төнуі мүмкін.
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті дұрыс тамақтануды және балаларыңызға дұрыс тамақтану дағдыларын үйретуді ұсынады, сау болыңыздар!