Тез бұзылатын өнімдерді сақтау шарттары

Тез бұзылатын өнімдерді сақтау шарттары

Барлық тез бұзылатын тағамдарды белгілі бір температурада сақтау қажет. Салқындатылған және мұздатылған тағамдарды сақтау режимдерін таңдаудың жалпы принциптері және тоңазытқыш қондырғылары мен сақтау камераларын салқындату жүйелеріне қойылатын  талаптар бар.

Тоңазытқышта қанша уақыт болғанына қарамастан, кез-келген тез бұзылатын өнімді сәтті сақтаудың міндетті шарттары келесі жалпы ережелер болып табылады:

- сақтауға арналған өнімдердің сапалылығы (суық микроорганизмдердің дамуын баяулатады немесе тоқтатады);

- камераларды таза ұстау. Тоңазытқыш камераларды мүмкіндігінше жиі дезинфекциялау және оларды мұқият тазалау қажет;

- суықты дұрыс пайдаланудың ең маңызды шарты - тоңазытқыш камераларда қажетті температураны, салыстырмалы ылғалдылықты, ауа айналымының жылдамдығын және оның желдетілуін сақтау;

- тоңазытқышта сақтау кезінде тез бұзылатын өнімдерді орналастыру және тауарлық көршілік қағидаттарын қатаң сақтау.

Сақтауға қойған кезде өнімдердің жаңа партияларын осындай өнімдер сақталған камераларға салу керек. Камералардағы өнімдер барлық жағынан салқындатқыш ауамен жақсы желдетілуі керек, ол үшін олар еденге емес, тауар сөрелеріне қойылады.    Сондай-ақ, өнімдерді қабырғаға жақын және бір-біріне тым тығыз орналастыруға болмайды. Өнімдерге қол жетімді болу үшін ыңғайлы қылып, орын қалдыру қажет.

Өнімдерді сақтау бойынша толық ақпаратты қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттаманы ескере отырып, сондай-ақ көп жылдық зерттеулер мен зертханалардың сараптамасына сәйкес әзірленген "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" 04.08.2021 ж. №73 санитариялық қағидаларынан алуға болады. Қайта қарау және толықтыру кезінде пайдаланылатын құжаттама қолданыстағы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келтірілуге тиіс.

Санитариялық қағидаларды сақтау мен бақылауға аса тез бұзылатын өнімдерді өндіретін және тасымалдайтын кәсіпорындардың, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының басшылары жеке жауапты.