Қарағанды облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қарағанды облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қарағанды облысында қызылша инфекцияның сырттан келуіне байланысты ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап тіркелуде. Эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы 2023 жылдың шілдесінен басталды, алғашқы шұғыл хабарламалар бойынша 35 жағдай, тамызда 53 жағдай, 1 қыркүйектен 5 қыркүйекке дейін қызылшаның 16 жағдайы тіркеліп отыр.

2023 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста қызылшаға күдікпен 134 жағдай тіркелді, олардың 100 – і зертханалық расталды (74,6%). Науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар басым - 79,2%.

Расталған жағдайлардың ішінде 88%-да егілмеген балалар ауырып қалды, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен - 37%, медициналық қарсы көрсетілімдер - 6%, егу жасына жетпеу - 12%, егу мәртебесі белгісіз - 33%. 

Инфекцияның алғашқы жағдайлары жақын және алыс шетелдерден (Стамбул қ., Ташкент қ., Египет, Ресей (Шешенстан), Шри-Ланка, Кипр, Алматы қ., Астана, Шымкент, Павлодар, Шұбаркөл және т. б.) әкеліну себебінен тіркелді. Қазіргі уақытта отбасындағы байланыс және туыстық байланыстар бойынша сырқаттанушылықты тіркеу 36% байқалады. 

Инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы егілмеген балаларды анықтауға және вакцинациялауға, сондай-ақ ошақтардағы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 30 жасқа дейінгі байланыстағы адамдарды иммундауға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылған. Өткізілген іс-шаралар барысында 3030 байланысушы адам анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша бұрын егілмеген немесе 30 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы егу туралы деректері жоқ 146 адам егілді. Сонымен қатар, облыста қызылшаға қарсы иммундау бойынша бұрын вакцинацияланбаған 2451 адам, оның ішінде вакцинациядан бас тартқан 1036 адам қамтылды.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті вакцинация, жас бойынша адамдардың аурушаңдығын уақтылы есепке алу, талдау және зертханалық зерттеулердің толықтығын қамтамасыз ету үшін қызылшамен сырқаттанушылыққа күнделікті мониторинг жүргізеді. 

Қызылша - бұл өткір жұқпалы вирустық ауру, сезімталдығы жоғары, яғни қызылшамен ауыратын адаммен байланыста болған кезде қызылшаға қарсы егілмеген барлық адамдар дерлік ауырады. Ауру дене температурасының жоғарылауы, интоксикация, ауыз қуысы мен жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының қабынуы, конъюнктивит және терінің тән дақты - папулярлы бөртпелерімен сипатталады.  Қызылшаның таралу жолы ауа-тамшылы, вирус жөтел, түшкіру кезінде шырышы бар науқас адам көп мөлшерде сыртқы ортаға шығарылады.

 Қызылшадан жалғыз тиімді қорғану жолы - вакцинация. Вакцинация жоспарлы түрде 1 және 6 жастағы балаларға ККП аралас вакцинасымен жүргізіледі.  

Вакцинациядан бас тартқан ата-аналар балаларының денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.

Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті ұсынады:

- вакцинацияланбаған және қызылшаға қарсы екпелер туралы мәліметтері жоқ адамдарға тіркелген жері бойынша емханаларда екпе алу. Бұл әсіресе қызылшаға қолайсыз елдерге үнемі баратын адамдарға қатысты.

- катаральды құбылыстармен (дене температурасының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік) және бөртпелермен аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.

Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңай!