Тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы

Тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы

Күнделікті өмірде біз тұрмыстық химия өнімдерін тұрақты пайдаланамыз. Тұрмыстық химия тазалау жұмыстарын жеңілдетеді, тезірек және тиімдірек етеді, оның көмегімен кез-келген ластануды тазарта аласыз. Бірақ сонымен бірге, мұндай өнімдер, әсіресе егер сізде аллергия немесе тері ауруларына бейімділік болса денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.

Қауіпсіз құрамы бар тұрмыстық химияны қалай таңдауға болады?

 Тұрмыстық химия тауарлары 2010 жылғы 28 мамырдағы N 299 Кеден одағы Комиссиясының шешімімен  бекітілген "Синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келуге тиіс.

 Оларды тиісінше оралған, таңбаланған, қауіп нышандарымен, оларды қауіпсіз қолдану жөніндегі ақпаратпен жарақтандырылған жағдайда қолдануға жол беріледі. Тұтынушыға арналған ақпарат ілеспе құжаттамада және/немесе тұтынушылық таңбалауда және/немесе қауіпсіздік паспортында болады.

 Құралды дұрыс таңдаңыз!

Синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия өнімдерінің тұтынушылық таңбалауын зерттеңіз.

Сауда атауын, өнімнің өтініш берушісі туралы мәліметтерді, өндіріс мекен-жайын, өнімнің құрамы туралы мәліметтерді, өнімді тиімді және қауіпсіз пайдалану ережелері мен шарттарын,шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін, таза массасын немесе көлемін, сақтау шарттарын, сақтық шараларын қоса алғанда, өнімнің атауы мен белгіленуіне назар аударыңыз.

Концентрацияланған өнімді тым көп пайдаланбаңыз дозалау және жиілік нұсқауларын орындаңыз, өндірушінің ескертулеріне назар аударыңыз: кейбір құралдарды тек жақсы желдетілетін жерде қолдануға болады, жеке қорғаныс құралдарын қолдануды ұмытпаңыз. Ешқашан тұрмыстық химияны балаларға қол жетімді жерде қараусыз қалдырмаңыз. Тұрмыстық химияны тамақ өнімдеріне жақын жерде қолданбаңыз немесе сақтамаңыз, тамақ өнімдеріне, содан кейін адам ағзасына еніп, қатты улануды тудыруы мүмкін. Тұрмыстық химияны ашық күйде сақтамаңыз, ашық ауада кез-келген зат булана бастайды: өнімнің негізгі компоненттері буланып, оның тиімділігін төмендетеді. Буланған заттар ұзақ уақыт бойы ауаның құрамында қалады, содан кейін тыныс алу кезінде адам ағзасына оңай енеді.

Тұрмыстық химия тауарлары Кеден одағының кедендік аумағына айналысқа шығарар алдында синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия тауарларының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу нысанында сәйкестікті растауды бағалаудан өтеді.

Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті нөмірі бойынша Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімі" сайтында тексеруге болады.

Сау болыңыз және үйіңіз ең жайлы және қауіпсіз болсын!