Хиджама - бұл капиллярлық қан шығару, оның барысында қанды кетіру теріні кесу арқылы жүреді. Бұл әдіс орта ғасырлық медицинада танымал болды, алайда қазіргі медицинада қан кетудің осы әдісіне көрсеткіштер өте шектеулі. Көптеген медицина мамандары хиджаманы денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін инвазивті араласу деп санайды.
Қызметтің бұл түрі лицензиялауға жатпайды, заңнамада рұқсат беру көзделмеген және санитариялық-эпидемиологиялық нормалар жоқ.
Мұндай қызмет түрін ашу тиісті деңгейде реттелмегендіктен мәселе күрделене түседі, тағы бір себеп қысқа мерзімді оқудан кейін кез-келген адамға сертификаттар беріледі. Жеке тұлғалар заңсыз, үйде антисанитариялық жағдайда жүзеге асырады, көбісі тиісті құжаттарсыз жұмыс істейді. Процедура кезінде асептика мен антисептика ережелері сақталмайды, пайдаланылған пластик немесе шыны банкалар зарарсыздандырылмайды, олар жай спиртмен сүртіледі, ал спирт - вирустар мен бактерияларды жоймайды.
Егер құралдардың стерильділігі сақталмаса, жұқпалы ауруларды, оның ішінде парентеральды инфекцияларды: "В" және "С" гепатиттерін, ВИЧ-инфекциясын жұқтыру қаупі орын алуы мүмкін.
Қарапайым сақтық шараларын сақтамау осындай қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
Әр адам өзінің денсаулығы мен әл-ауқаты туралы байыпты ойлануы керек, дәстүрлі емес ем алуға қатысты дұрыс емес ақпарат, сондай-ақ тексерілмеген мамандар қауіпті жиі төндіретінін есте ұстауы керек.
Халықтық медицинамен заңсыз айналысу, сондай-ақ емшілік әдістерін қолдану кезінде адам денсаулығына зиян келтірген азамат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Халықтық әдістерге жүгінбес бұрын емдеуді таңдауда өте мұқият болыңыз!