
Қант диабеті - ұйқыбез жеткілікті мөлшерде инсулинді өндірмейді немесе ол өндірген инсулинді ағза тиімді қолдана алмаған жағдайда дамитын созылмалы ауру.
Қант диабеті дамуының қауіпті факторлары:
- 45 жас және одан жоғары
- отбасында қант диабетімен ауырған адамның болуы
- дұрыс тамақтанбау
- аз қимылдау
- дене салмағының артық болуы.
Қант диабетінің белгілері:
- зәрдің шамадан тыс бөлінуі
- шөлдеу
- аштықты сезіну
- салмақ тастау
- көз көруінің нашарлауы
- шаршау.
Қант диабетінің қалай алдын алуға болады?
- қалыпты дене салмағын сақтау;
- дене белсенділігімен күнделікті айналысу;
- қант пен майды тұтынуды азайту;
- жеміс пен көкөністерді жиі тұтыну;
- темекі мен алкогольдік ішімдікті тұтынбау.
Қант диабетінің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет!
(Ақтоғай ауданының СЭББ материалдарына сәйкес)