СКАРЛАТИНА - инфекцияның таралу жолдары, алдын алу бойынша ұсыныстар

СКАРЛАТИНА - инфекцияның таралу жолдары, алдын алу бойынша ұсыныстар

Скарлатина - ұсақ нүктелі бөртпе (экзантема), безгек, жалпы интоксикация, жедел тонзиллит белгілерімен көрінетін жедел жұқпалы ауру.
Инфекцияның қоздырғышы - А тобындағы b-гемолитикалық стрептококк.
Скарлатина 2 жастан 10 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі, бірақ ересектер ауыр түрде ауырады және асқыну қаупі жоғары. Ауру күзгі-қысқы кезеңде өршиді.

 Инфекцияның таралу жолдары:
• көбінесе ауа тамшылары арқылы (жөтелгенде, сөйлескенде, түшкіргенде);
• байланыс-тұрмыстық жұғу жолдары сирек кездеседі (ойыншықтар, тұрмыстық заттар және т.б.);
• тағам – жұқтырған азық-түлік арқылы жұғады.

Скарлатинаның алғашқы белгілері аурудың 2-5-ші күні пайда болады. Ауру белгілері келесідей көрінеді:
• дене қызуы 38–40°С дейін көтеріледі;
• жүрек айну, құсу пайда болады;
• қатты бас ауруы, тамақ ауруы;
• ауыз-жұтқыншақтың қабынуы;
• «таңқурай тілі» - бұл жағдайда жұтқыншақ айқын қызыл түсті болады, тіл ашық-қызыл түске ие болады, оның үстінде ақ жабын пайда болады, тілдің ұштары қызарып, үлкейеді;
• жақ асты және мойын лимфа түйендері ұлғаяды;
• денеде ұсақ нүктелі бөртпе пайда болады, содан кейін тері қабығы түсе бастайды;
• іш ауыруы мен ыңғайсыздығы пайда болады.


Бұл ауруға қарсы вакцинация жоқ, сондықтан ауруды болдырмау үшін келесі ұсыныстарды орындаған дұрыс:
• қолды сабынмен жиі жуу;
• тағамды дайындау мен сақтаудың санитариялық ережелерін сақтау;
• кез-келген жарақаттарды антисептикалық ерітіндімен өңдеу;
• мүмкіндігінше, адамдар көп жиналатын жерлерде, әсіресе күз-қыс мезгілінде болуды шектеу;
• аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке жүгіну;
• науқас адаммен байланыста болған балаларға балабақшаға, мектепке бармау;
• ауру балаларды жұқтырғаннан кейін 21 тәуліктен ерте, сондай-ақ стрептококк бар-жоғына бактериологиялық талдаудың теріс нәтижесі алынғанша балабақшаға бармау керек.

(Қарқаралы аудандық СЭББ материалдарына сәйкес)