Жаңа оқу жылының басталуымен әрбір ата-ана өз баласы үшін ыңғайлы және қауіпсіз мектеп формасын таңдауға тырысады, себебі бала күн сайын осы киімде шамамен 5-6 сағат өткізеді.
Мектеп формасы мен аяқ киімі баланың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
Мектеп формасын сатып алу кезінде келесі маңызды жайларға назар аудару қажет:
- киімнің таңбалануын, дәлірек айтқанда матаның құрамын мұқият зерттеңіз. Киім тігілген мата құрамы кем дегенде жартысы табиғи материалдардан тұруы керек. Синтетикалық талшықтар терінің тыныс алуына жол бермейді, мұның өзі аллергияға әкелуі мүмкін;
- өнімнен өткір иіс шықпауы керек, оның болуы тоқыма материалдары құрамында зиянды немесе тіпті қауіпті химиялық заттарды көрсетуі мүмкін;
- киімнің дұрыс өлшемін таңдаңыз, балаңыз отырғанда да, жүру кезінде де ыңғайлы екеніне көз жеткізіңіз.
Аяқ киім тығыз немесе тым бос болмауы керек, аяқ киімнің саусақтары бос, ал өкшесі кең, биіктігі 1,5-2 см-ден аспауы керек. Аяқ киім табиғи былғары, тоқыма, киіз сияқты табиғи материалдардан жасалуы керек. Бұл материалдардың ең маңызды қасиеті - олар аяқтың анатомиялық пішініне бейімделеді.
Аяқ киімнің таңбалануын мұқият оқып шығыңыз, ол келесі: өндіруші, өлшемі, моделі және (немесе) бұйымның артикулы, үстіңгі, астыңғы және табан материалы, аяқ киімді пайдалану және күту шарттары туралы ақпаратты қамтуы керек.
"Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" 007/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікке берілген сәйкестік сертификатының болуы мектеп формасы мен аяқ киім қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.
Сатушы бұл құжаттарды сатып алушыға ұсынуға міндетті.