КВИ эпидемиологиялық жағдайы тұрақты болған кезде вакцинация қажет пе?

КВИ эпидемиологиялық жағдайы тұрақты болған кезде вакцинация қажет пе?

КВИ бойынша елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Биылғы жылдың 8 маусымынан бастап Қазақстанда COVID-19 -ға қарсы вакцинацияны немесе ревакцинацияны құжаттық растаудың және шетелден Қазақстанға келгендерге арналған ПТР өткені туралы анықтаманың міндетті талабы жойылды. Вакцинация міндетті болып қала ма? Санэпидбақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлжан Байгутанова түсіндіреді.

- Жалпы, ПТР-тексеру тоқтатылған жоқ: ол эпидкөрсеткіштер бойынша да, кәсіби мақсаттар бойынша да жүргізіледі. Вакцинацияға келетін болсақ, ол қажет болып қалады, әсіресе қауіпті топтар арасында. Халықтың басқа топтары үшін ол, әрине, ұсынымдық сипатқа ие, - деп түсіндірді Гүлжан Жақтайқызы. – Қалай болғанда да, вакцина - бұл біздің аурудан қорғайтын «жеке қалқанымыз»: егер вирус біздің ағзамызға енсе, онда вакцинацияланған кезде біз инфекцияны оңай жұқтырамыз. Біздің ағзамыз онымен қалай күресуге болатынын білетін болады. Вирустар да дамиды, иммунитетті айналып өтуді "білетін" жаңа штаммдар пайда болады. Егер біз вирустың басқа штаммымен ауыратын болсақ, вакцинаның арқасында ағза оны жеңе алады. Сонымен қатар, коронавирустың қалай өзгеретіні әлі белгісіз, бірақ одан қорғану маңызды.

Осы жылдың 25 мамырынан бастап Қарағанды облысында қайтадан ревакцинация жүргізу басталды. 9 маусымда 4 280 адам егілді. Әрбір тұрғын вакциналардың толық курсын алған күннен бастап 6 және одан да көп ай аралықпен қайта вакцинациялай алады.