
2026 жылғы 7 қазанда Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласы ұйымдарының қызметкерлері маусымдық тұмауға қарсы вакцина алды.
Профилактикалық іс-шараға Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Қарағанды облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының, сондай-ақ Қарағанды қаласындағы филиалының қызметкерлері қатысты.
Қызметкерлерге маусымдық тұмауға қарсы иммунитет қалыптастыруға, ауру жұқтыру және оның асқыну қаупін төмендетуге бағытталған «Гриппол» вакцинасы салынды.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары үшін вакцинацияның маңызы зор. Себебі бұл мамандар халықпен күнделікті тығыз байланыста болып, өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету бағытында маңызды жұмыстар атқарады.
Вакцинация – тұмаудың алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі. Денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!