
Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Жолдыбаев пен құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дмитрий Арнт Қарқаралы аудандық санэпидбақылау басқармасында көшпелі семинар-кеңес өткізді. Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманың негізгі ережелері және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары туралы айтылды. Мемлекеттік қызметшілерге жүктелген шектеулерді, оның ішінде құмар ойындарға қатысуға тыйым салуды қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салынды.
Кездесу барысында Берік Жолдыбаев мемлекеттік орган ұжымындағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау үшін мемлекеттік қызметшілерге анонимді сауалнама жүргізді, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік шараларын кеңейтуге қатысты өзгертулер жөнінде айтылды.
Дмитрий Арнт өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуы туралы айтып, жоғары тұрған лауазымды адамға немесе бірыңғай call-center -1424-ке дайындалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы міндетті түрде хабарлау туралы еске салды.