Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Шет аудандық санэпидбақылау басқармасында көшпелі семинар-кеңес өткізді

Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі  Шет аудандық санэпидбақылау басқармасында көшпелі семинар-кеңес өткізді

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Жолдыбаев пен құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дмитрий Арнт Шет аудандық санэпидбақылау басқармасында көшпелі семинар-кеңес өткізді. Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманың негізгі ережелері және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары туралы айтылды. Мемлекеттік қызметшілерге жүктелген шектеулерді, оның ішінде құмар ойындарға қатысуға тыйым салуды қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салынды.
Кездесу барысында Берік Жолдыбаев мемлекеттік орган ұжымындағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау үшін мемлекеттік қызметшілерге анонимді сауалнама жүргізді, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік шараларын кеңейтуге қатысты өзгертулер жөнінде айтылды.
Дмитрий Арнт өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуы туралы айтып, жоғары тұрған лауазымды адамға немесе бірыңғай call-center -1424-ке дайындалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы міндетті түрде хабарлау туралы еске салды.

Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті тұрғындарға еске салады: Егер сіз ведомство немесе оның аумақтық басқармалары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне куә болсаңыз, сізде бірнеше байланыс арналары бар:
- мекен-жайымыз: Қарағанды, Әлиханов көшесі, 2
- сенім телефоны: 8 (7212) 41-14-28
- Департаменттің порталдағы ресми сайты gov.kz
- электрондық үкімет порталы: egov.kz.