Мемлекеттік қызметші күніне орай марапаттау өтті

Мемлекеттік қызметші күніне орай марапаттау өтті

23 маусымда, мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі, қызметтік міндеттерін адал атқаруы, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының Алғыс хатымен Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Жадыра Кадрина марапатталды.

Аталған марапаттар – кәсіби жетістіктердің, өз ісіне адалдықтың және мемлекеттік міндеттерді орындаудағы жоғары жауапкершіліктің лайықты бағалануы.

Департамент ұжымы Юрий Залыгин мен Жадра Кадринаны жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық, таусылмас күш-қуат, жаңа кәсіби жетістіктер мен мемлекеттік қызмет жолындағы толағай табыстар тілейді.

Жинақталған тәжірибе, жоғары біліктілік пен жауапкершілік алдағы уақытта да қойылған міндеттердің тиімді орындалуына, маңызды бастамалардың жүзеге асуына және Қазақстан Республикасы және Қарағанды облысының игілігі жолында жаңа белестерді бағындыруға септігін тигізе берсін.