
Кәсіби мереке - Медицина қызметкерлері күніне орай Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде салтанатты жиналыс өтті.
Қызметкерлер көп жылдық және жемісті еңбектері үшін:
"ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ" төсбелгісімен Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы АЙЖАН ТАМАБАЙҚЫЗЫ МҰСАБЕКОВА марапатталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы - ЛӘЗЗАТ ТАЛҒАТҚЫЗЫ СЕКЕРБАЕВА - «ҮЗДІК САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІН ДӘРІГЕРІ» номинациясында жеңіске жетті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен:
- ЗАКИРОВА ВИКТОРИЯ ИБРАГИМОВНА - Бұқар жырау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы;
- ЖҰМАБЕКОВА МАРХАББАТ ЖАНАТҚЫЗЫ – Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы;
- СИНИЦИНА ЕВГЕНИЯ ЮРЬЕВНА - Осакаров аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы марапатталды.
Әріптестерді мерекемен құттықтай отырып, Департамент басшысы Юрий Залыгин әріптестердің қазақстандық санитариялық дәрігерлердің үздік дәстүрлерін сақтауға сенім білдіріп, облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ете отырып, өзінің кәсіби борышын лайықты орындауға тілек білдірді. Әріптестерінің мамандыққа адалдығын атап өтіп, барлығына зор денсаулық, амандық, бақыт және санитариялық дәрігердің асыл миссиясын орындауда одан әрі табыс тіледі!
ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ МАРАПАТТАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!