
19-20 маусымда, Балқаш қаласында өтетін “Балхаш TOUR FEST-2026” фестивалін өткізу қарсаңында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин Балқаш қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен бірлесіп, аумақтың және келушілерге қызмет көрсету объектілерінің дайындығына мониторинг жүргізді. Облыстың санитариялық қызметінің мамандары аумақтың санитариялық жағдайын, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлердің болуын, қоғамдық дәретханалардың жұмысын, келушілерді ауыз сумен қамтамасыз етуді, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің дайындығын бағалайды.
Азық-түлік бейінінің мамандары қоғамдық тамақтану және сауда объектілерінде консультациялық көмек көрсетеді, тамақ өнімдерін сақтау, тоңазытқыш жабдықтардың болуы, персоналдың санитариялық талаптарды сақтауы және сатылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары бойынша санитариялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Мұндай іс-шаралар фестиваль қатысушыларының қауіпсіздігі мен жайлы демалысын қамтамасыз етуге бағытталған.