
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен Қарағанды қ. Әлихан Бөкейхан ауданының аумағын 2026-2030 жылдарға арналған аса қауіпті инфекциялардың пайда болуынан, әкелінуінен және таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау үшін "Қарағанды қ. №4 емхана" КМК базасында оқу-жаттығу өткізілді.
Аса қауіпті инфекциялардың әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында Басқарма мамандары мүдделі қызметтермен бірлесіп этиологиясы белгісіз қызбамен аса қауіпті инфекцияға күдікті науқасты анықтаған кезде медицина қызметкерлерінің іс-қимылдарын пысықтау жөнінде «Облыстық клиникалық ауруханасы» КММ, «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының, қалалық полиция, төтенше жағдайлар басқармалары мамандарының қатысуымен БАҚ өкілдерін шақыра отырып оқу-жаттығу өткізді.
Іс-шараның мақсаты - медицина қызметкерлерінің өзара іс-қимыл алгоритмін, ден қоюдың жеделдігін, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды және қызметтердің эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге дайындығын пысықтау.
Оқу-жаттығу барысында келесі іс-шаралар пысықталды:
* шартты науқасты анықтау және оқшаулау тәртібі;
* жеке қорғаныс құралдарын пайдалану;
* медициналық персоналдың істі тіркеу кезіндегі іс-әрекеттері;
* науқасты бағыттау;
* ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізу;
* мүдделі қызметтермен өзара әрекеттесу.
Мұндай жаттығуларды өткізу мамандардың жедел ден қоюға және жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға дайындығын арттыруға ықпал етеді.