“АТАМЕКЕН” Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өнеркәсіптік және коммуналдық объектілер бойынша бизнес субъектілерімен кеңес өтті

“АТАМЕКЕН” Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өнеркәсіптік және коммуналдық объектілер бойынша бизнес субъектілерімен кеңес өтті

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары “АТАМЕКЕН” Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өнеркәсіптік және коммуналдық объектілер бойынша бизнес субъектілерімен кеңес өткізді.

Кеңес барысында «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау» АЖ сервистік бағдарламалық өнімінде өндірістік бақылауды ұйымдастыру, орындау және жүргізу мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес бизнес субъектілерінің есептілікті келесі айдың 5-күніне жарты жылда бір рет ұсыну мәселелері қаралды.
Қатысушылардан келіп түскен сұрақтарға жауаптар толық берілді.