
БҮГІН, 24 сәуірде, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент басшысы Юрий Залыгиннің "Медициналық-профилактикалық іс" мамандығы бойынша оқитын "Қарағанды медициналық университеті" КЕАҚ 1-2 курс студенттерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында дуальды оқытуды ұйымдастыру мәселелері, оның санитариялық-эпидемиологиялық қызмет үшін білікті кадрларды даярлаудағы маңыздылығы, сондай-ақ студенттердің одан әрі кәсіби қалыптасу перспективалары талқыланды. Департамент басшысы мекеме қызметі, жұмыстың негізгі бағыттары және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандардың алдында тұрған міндеттер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Әңгіме барысында ұрпақтар сабақтастығы, тәлімгерліктің маңыздылығы және тәжірибені жас мамандарға беру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер болашақ мамандыққа, практикадан өту шарттарына және одан әрі жұмысқа орналасуға қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндік алды, оларға толық жауаптар берілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті және студенттерді болашақ кәсіби ортамен таныстыру үшін маңызды алаңға айналды, бұл жастардың таңдаған мамандығына саналы көзқарасын қалыптастыруға және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінде жұмыс істеуге қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.