
БҮГІН, 17 сәуірде, 2025 жылғы 29 желтоқсанда N178-Ө бұйрығымен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметін ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспары шеңберінде Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі “Медициналық ұйымда медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияны анықтау критерийлері» тақырыбында қалалық, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандары үшін ZOOM режимінде семинар ұйымдастырып, өткізді.
Семинарды Департаменттің бөлім басшысы Ләззат Секербаева семинар қатысушыларын Қарағанды облысының 2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша медициналық көмек көрсетуге байланысты жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайымен, сондай-ақ таралудың жаһандық сипатына, пациенттердің денсаулығы мен мемлекет экономикасына кері әсеріне байланысты негізгі қауіп төндіретін МККБИ анықтау критерийлері бойынша таныстырды.
Бұдан басқа, инфекциялық бақылауға қатысты - бұл медициналық ұйымдарда МККБИ пайда болуы мен таралуының алдын алуға бағытталған ұйымдастыру, санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-алдын алу іс-шаралары жүйесіне қатысты мәселелерге тоқталып өтті.
Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындықтың негізгі компоненттері және халықаралық медициналық санитариялық қағидалар тетіктері шеңберінде елдің негізгі қабілеттерін нығайту бойынша ұсынымдар берілді.