
БҮГІН, 15 сәуірде, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылдың 19-25 сәуірі аралығында Қарағанды облысында Еуропалық иммундау апталығын ұйымдастыру және өткізу бойынша «Вакцина әрбір ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен облыстық семинар өткізді. Семинарға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары, эпидемиологтар және алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметкерлері қатысты.
2026 жылдың иммундау апталығының мақсаттары мен міндеттерімен Департамент басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанова таныстырды.
Семинарда мамандар вакцинамен басқарылатын аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай, жоспарлы иммундаумен қамту, профилактикалық екпелерден бас тартқандармен жұмыс және «Қазақстан Республикасында санитариялық, эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы» 2026 жылғы 19 ақпандағы № 3 қаулысы аясындағы жұмыстарды қарастырды.
Сонымен қатар, туберкулез бойынша өзекті мәселелер талқыланды. «№1 көпсалалы аурухананың» эпидемиолог дәрігері вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы екпенің пайдасы және асқынулардың зияны туралы ақпарат берді.
Семинар барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.