ҚЫЗЫЛША: Қарағанды облысындағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай

ҚЫЗЫЛША: Қарағанды облысындағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай

Облыста қызылшаның тіркелу жағдайлары жалғасуда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 сәуірдегі жағдай бойынша қызылшаның 341 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі ауырған балалардың үлес салмағы 86,2%  құрады.

Ауру вакцинацияланбаған балалар арасында тіркелуді жалғастыруда, олар 85% немесе 290 адамды құрады. Олар келесі себеппен егілмеген: екпеден бас тартулар – 42%, жасына қарай – 34,8%, медициналық қарсы көрсетілімдер -11,7% және егу мәртебесі белгісіздер 11,3%.

Қосымша жаппай иммундау аясында облыста 6 айдан 11 айға дейін 1471 бала (34,1%), толықтыра иммундау бойынша 2284 бала (58,2%) егілді.

Облыстық көрсеткіштердің артуымен негізгі сырқаттанушылық Балқаш қалаларында, Қарағанды қаласының Бөкейхан ауданында, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарында байқалады.

Облыста қызылша бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты аурудың белгілері пайда болған кезде келесілер ұсынылады:

- өзінізді емдемеңіз, дәрігерді үйге шақырыңыз және дәрігердің нұсқауы бойынша ем алыңыз;

- үйде болу, жұмыс және оқу орындарына, сондай-ақ қоғамдық орындарға және мәдени-бұқаралық іс-шараларға бармау, оның ішінде амбулаториялық емделіп жатқан адамдар үй оқшаулауын қатаң сақтауы тиіс;

- аурудың алғашқы клиникалық белгілері болған кезде ауру балаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектептерге және т.б. жібермеу.

Қызылшаға қарсы вакцинация - қызылша инфекциясын, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал.

Қызылшаға қарсы вакцинаның әр дозасы баланың иммунитетін күшейтеді!