
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы филиалының алаңында Қарағанды облысының санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан Қарағанды облысының туризм басқармасы, Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті, Қарағанды облысының полиция департаменті, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары және демалыс аймақтары мен жағажайлар иелерінің қатысуымен "Нысандардың туристік маусымға дайындығы туралы" кеңес өткізілді.
Кеңеске қатысушыларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарын сақтау, жаппай демалу орындарына қойылатын талаптар бөлігінде, 2-ші ашық су айдындарынан судың сапасына, рекреация аймақтарынан алынған топыраққа зертханалық бақылау жасау, қолданыстағы заңнама шеңберінде нысанға барусыз профилактикалық бақылау жүргізу мәселелері айтылды.
Демалыс аймақтарының/орындарының жұмыс істеуіне тиісті рұқсаттардың болуы және шомылу-жүзу маусымында өндірістік бақылауды жүзеге асыру жұмыстарына ерекше назар аударылды.