Приозерск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2025 жылғы қызмет қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу басталғаны туралы хабарлайды.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру (тексерулерді тіркеу және жүргізу, оның ішінде Қарағанды облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы тарапынан тексерулерді тіркеуден бас тарту жағдайлары және т.б.);
- анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
- әкімшілік практиканы жүзеге асыру, оның ішінде жеке тұлғалардың, лауазымды тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың кінәсін анықтаудың заңдылығы;
- талап қою-шағымдану жұмыстарын жүзеге асыру, оның ішінде басқарма пайдасына шығарылмаған шешімдер бойынша;
- мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен тәртібінің бұзылуы, заңсыз санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуден заңсыз бас тарту және жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, оның ішінде артықшылық көрсету фактілерін, қарау мерзімдерінің бұзылуын және т.б. анықтау;
- еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамаларын беру;
- басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік немесе өзге де ақылы қызметпен айналысуы, оның ішінде басқарма қызметкерлерінің табыстары туралы декларацияларды уақтылы тапсыруы;
- мүдделер қақтығысын реттеу;
- мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу саласы.