
Нұра аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2025 жылдың қорытындысы бойынша басқарма қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
📌 2025 жылдың қорытындысы бойынша талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
1) Бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру (Қарағанды облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының тексерулерді тіркеуден бас тартуы бойынша, оның ішінде тіркеу және тексеру жүргізу) және т.б.;
2) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамалардың орындалуын бақылау;
3) әкімшілік практиканы, оның ішінде жеке, лауазымды немесе заңды тұлғалардың кінәсін айқындаудың заңдылығын жүзеге асыру;
4) наразылық-талап қою жұмысын, оның ішінде басқарманың пайдасына шығарылмаған шешімдер бойынша жүзеге асыру;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мерзімдері мен тәртібін бұзу,заңсыз санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуден заңсыз бас тарту және жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, оның ішінде артықшылық беру фактілерін анықтау, мерзімдерді бұзу және т. б.;
7) еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамаларын беру;
8) персоналды басқару мәселелері, оның ішінде кадрлардың ауысуы;
9) Басқарманың ұйымдастыру-басқару қызметі;
10) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік немесе өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуы, оның ішінде басқарманың барлық қызметкерлерінің кірістері туралы декларацияларды уақтылы тапсыруы;
11) тәртіптік жаза қолданудың заңдылығы мен уақтылығы, оның ішінде оларды алу кезіндегі негізділігі;
12) мүдделер қақтығысын реттеу;
13) мемлекеттік мұқтажды қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласында.