Қарағанды облысының Білім басқармасы бастамасымен №19 жалпы білім беретін мектеп базасында «Отбасы – мектеп – қоғам – мемлекет» атты облыстық ата-аналар форумы өтті

Қарағанды облысының Білім басқармасы бастамасымен №19 жалпы білім беретін мектеп базасында «Отбасы – мектеп – қоғам – мемлекет» атты облыстық ата-аналар форумы өтті

Ағымдағы жылы 28 наурызда, Қарағанды облысының Білім басқармасы бастамасымен №19 жалпы білім беретін мектеп базасында «Отбасы – мектеп – қоғам – мемлекет» атты облыстық ата-аналар форумы өтті.

Форум жұмысына өңірдің түкпір-түкпірінен 350-ден астам ата-ана, сондай-ақ Қарағанды облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, прокуратура органдары, Төтенше жағдайлар департаменті, денсаулық сақтау және дін істері басқармалары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, психологиялық қолдау орталығының мамандары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мәселелерінде отбасы, білім беру ұйымдары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Форумның пленарлық бөлімінде облыстың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары жалпы білім беретін мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын ұстану мәселелері бойынша білім деңгейі мен дағдыларын зерттеу нәтижелерін ұсынды. Аталған сауалнама «Денсаулықты нығайтатын мектептер» бағдарламасы аясында жүргізілгені атап өтілді. Баяндамаларда ата-аналар мен балалардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, жұқпалы емес аурулардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша халықтың ақпараттылығын арттыру мәселелері қозғалды.

Форум қатысушылары жұқпалы емес аурулардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтының тұрақты дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ баланың денсаулығын сақтау мен нығайтудағы отбасының шешуші рөліне ерекше назар аударды. Денсаулыққа әсер ететін мінез-құлықтық ұстанымдарды қалыптастыруда ата-аналардың маңызды буын екені атап өтілді.

Қатысушылар балалар арасында аурулардың ерте профилактикасын жүзеге асыруда кешенді әрі ведомствоаралық тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Мұндай жұмыс профилактикалық шаралардың тиімділігін арттырып, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғау мәселелеріне қоғам назарын күшейтуге ықпал етеді.

Осындай диалог алаңдарын өткізу мемлекеттік органдардың, білім беру жүйесінің және ата-аналар қауымдастығының күш-жігерін біріктіріп, балалардың денсаулығы және табысты болашағы жолында бірлескен шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.