
Биыл "Наурыз" мерекесіне орай бізді ұзақ демалыс күндері күтіп тұр, яғни мереке күндері 21-25 наурыз аралығында жалғасады.
Мереке күндері тамақтан улану қаупі тез бұзылатын тағамдардың көптігіне байланысты (майонез қосылған салаттар, кілегейлі торттар), дайын тағамды үстелде ұзақ сақтау, әртүрлі өнімдерді араластыру, қол гигиенасын сақтамау және т.б. байланысты тамақтан улану қаупі артады.
Тамақтан улану - бұл қоздырғыштармен немесе олардың токсиндерімен уланған тағамды тұтынғанда пайда болатын жіті ауру.
Тамақтан улану кенеттен бір мезгілде басталуы, зардап шеккендердің көптігі, бірнеше адамның бір өнімді немесе бір тағамды тұтынуымен, аурудың қысқа ағымымен сипатталады. Улану жағдайында тамақтан кейін 2-4 сағаттан соң: жүрек айну, әлсіздік, безгек, құсу, диарея сияқты белгілер байқалады. Тамақтан улануға балалар, егде жастағы адамдар және асқазан-ішек аурулары бар адамдар өте сезімтал.
Осыған байланысты, мереке қарсаңында және мереке күндері тамақтан уланудың алдын алу мақсатында келесі қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береміз:
- іс-шараны өткізер алдында тағамдарды жаңа өнімдерден дайындау керек. Тамақты көп уақыт бұрын, алдын ала пісірмеу;
- мерекені өткізгеннен кейін тез бұзылатын тағамның қалдықтарын (салаттар, майонез немесе басқа кремді тұздықтар қосылған тағамдар) қолданбау;
- кондитерлік кремдер, торттар және басқа да өнімдерді бөлме температурасында сақтамау, тек тоңазытқышта сақтау;
- көкөністер мен жемістерді мұқият жуу. Кесілген немесе бүліну белгілері бар жемістер мен көкөністерді сатып алмау;
- азық-түлік сатып алғанда, қаптаманың тұтастығына, шығарылған күніне және жарамдылық мерзіміне назар аудару. Өнімдерді қаптамада көрсетілген өндірушінің ұсыныстары бойынша сақтау. Өнімдерді стихиялық сауда орындарынан, белгісіз жерлерден сатып алмау;
- пісіру кезінде жеке гигиена ережелерін сақтау;
- шикі және дайын өнімдер үшін бөлек кесу тақталары мен пышақтарды пайдалану. Қолданғаннан кейін оларды мұқият жуу;
- ыдыс жууға арналған шүберек пен ас үй сүлгісін жиі ауыстыру, ас үйді таза ұстау;
- сондай-ақ, үйдегі консервілерге (саңырауқұлақтар, қияр, қызанақ, баклажан және басқалары) назар аудару. Бұл өнімде ботулизм қоздырғышы ботулинум бактериясы болуы мүмкін, ол ауа болмаған жағдайда ботулинум токсинін бөледі. Токсины бар мұндай өнімді қолданғанда ең ауыр тамақтан улану пайда болады, ол көбінесе өліммен аяқталады.
Қазір көптеген адамдар қыстан қалған консервіленген өнімдерді тұтынады, оларды тұтынғанда мұқият болған дұрыс, егер қақпақтың ісінуі, бұзылған немесе бүлінудің басқа белгілері болса, өнімдерді қолданбаған дұрыс. Сондай-ақ, бірнеше жыл бойы сақталған консервілерді тұтынбау керек, бұл қауіпті. Үйде консервіленген, маринадталған өнімдерді белгісіз адамдардан сатып алуға болмайды.
Бизнес субъектілеріне/объектілеріне ұсынамыз:
- өнім шығару кезінде технологиялық процестердің ағымын және тауарлық көршілік ережелерін сақтау, тамақ өнімдерін бөлек сақтау;
- шикізатты және дайын тамақ өнімдерін өңдеу үшін жеке кесу құралдарын (кесу тақталары, пышақтар) пайдалану;
- жаңа піскен тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмау;
- тағамды мұқият өңдеу: тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа, балықты қуыру немесе қайнату;
- жемістер мен көкөністер, көкшөптерді қолданар алдында сірке суымен араласқан суға салып, содан кейін сумен шаю;
- үйде консервілеу өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, қияр, қызанақ және т.б.), сондай-ақ герметикасы бұзылған, бомбажды, тот басқан, деформациясы бар банкадағы консервілерді пайдалануға болмайды;
- қойма және өндірістік орынды жеткілікті тоңазытқыштармен қамтамасыз ету. Тамақ өнімдерін сақтау үшін сөрелер, тауар қойғыштар болуы қажет;
- азық-түлік шикізаты, тамақ өнімдерінің әрбір партиясы олардың қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттармен, сондай-ақ қауіпсіздікті растайтын құжаттармен бірге болуы тиіс. Тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауарға ілеспе құжаттарда дайындау уақыты мен күні, сақтау шарттары (температура, ауаның ылғалдылығы), өнімнің соңғы жарамдылық мерзімі көрсетіледі;
- тамақтану объектісінің қажеттілігін ескере отырып, ыдыстармен және ас құралдарымен қамтамасыз ету;
- үй-жайларды ағымдағы, жалпы жинау, технологиялық, тоңазытқыш, сауда жабдықтарын, ыдыстарды тазалау, жуу және дезинфекциялау тәсілдерін, ретін сақтау;
- объектілерде желдету режимін сақтау;
- тамақтану объектісінің персоналын таза арнайы киіммен, қолды жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету, медициналық тексеруден өту;
- объект қызметкерлерінің жеке және өндірістік гигиена ережелерін сақтауы тиіс.
Бизнес субъектілеріне/ объектілеріне көшпелі сауданы ұйымдастыру кезінде:
- өнімді арнайы көлікпен жеткізу;
- тағамды жерден сатуға жол бермеу үшін сөрелер, тауар қойғыштарды қолдану;
- өнімді сақтау және сату кезінде тауарлық көршілесті сақтау, тез бұзылатын өнімге арналған тоңазытқыштармен жабдықтау;
- шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау;
- үй жағдайында жасалған өнімдер мен салаттарды сатуға жол бермеу;
- өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы;
- тамақ өнімдеріне арналған бір реттік ыдыстарды қолдану;
- сауда, жинау, кесуге арналған құралдар мен орау материалымен жабдықтау;
- жұмыскерлерді арнайы киіммен және бейджиктермен жабдықтау;
- олардың медициналық тексеруден өткен, жұмысқа жіберілгені туралы рұқсаттың болуы;
- меншікті және іргелес аумақтың тиісті санитариялық жай-күйін сақтау;
- сауда орындарында жеке және өндірістік гигиена ережелерін сақтауын қамтамасыз етуді ұсынамыз.
Жоғарыда аталған талаптарды сақтау арқылы тамақтан уланудың алдын алу және мерекелік көңіл-күйді бұзбауға болады!