Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ұсынымдар

Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ұсынымдар

Көктемде, наурыз айынан бастап Қарағанды облысы су тасқыны қаупі бар аймақтарға жатады. Су тасқыны - бұл өзендер немесе басқа су қоймаларындағы су деңгейінің қысқа мерзімде, бірақ тез көтерілуі, қар еру және мол жаңбырдың нәтижесінде пайда болады.

Ағымдағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға облыс аумағында дайындық–профилактикалық жұмыстардың уақтылы жүргізілмеуі, атап айтқанда елді мекендер мен эпидемиялық маңызы бар объектілерді (сумен жабдықтау, су бұру, білім беру, денсаулық сақтау және т.б.) су басуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылданбауы себеп болады.

Елді мекендер мен эпидемиологиялық маңызды объектілерде су басу қаупінің алдын алу үшін қарды уақтылы және сапалы тазарту, жеке тұрғын үйлердің іргелес аумағын тазалауды ұйымдастыру қажет.

 Су тасқыны және қардың көп еруі кезінде құдықтар, ұңғымалар, үйлер, шаруашылық құрылымдар, фермалар, қоқыс төгетін орындар, аула дәретханалары су астында қалуы мүмкін.

Сондай-ақ, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерін таза (құдықтар, каптаждар) ұстау, орналастыру және дұрыс пайдалану керек.

Арықтар мен су құбырларын қардан және қалдықтардан тазарту жалпы елді мекеннің су басуын болдырмау үшін қажет.

Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және объектілерде тұрғындар үшін қайнатылған, бөтелкедегі суды тұтыну, пайдалануға рұқсат етілген жеке немесе ұжымдық су сүзгілерді қолдану туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, халықты сапалы және қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету тек бақылаушы органдар, пайдаланушы ұйымдар, зертханалық қызметтер және су көздерін ұстауға жауапты субъектілердің жұмысына ғана емес, сонымен қатар бүкіл халықтың, әсіресе ауылдық және қалалық елді мекендердің жеке секторында тұратындардың қатысуына байланысты.

Бұл жұмыстарға ауладан қарды уақтылы тазарту, еріген суды бұру жатады.

Жеке құдықтары бар аулалардың иелері су тасқыны алдындағы кезеңде:

- ұңғымалар, құдықтар, каптаждардың аумағын тексеру;

- қардан тазартып, қажет болған жағдайда ұңғымаларға еріген сулардың түсуін болдырмау үшін үйінді жасау;

- су тасқыны басталғанға дейін ағынды суларды септиктен немесе ауладағы дәретхананың шұңқырынан сорып шығару;

- ішу және тамақ дайындау үшін - тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану, су басу кезінде табиғи көздерден және құдықтардан суды ішпеу;

- тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбау, оны сақтау үшін азық-түлікті жоғары орналастыру;

- көкөністер мен жемістерді шикі күйінде жеген кезде оларды бөтелкеде немесе қайнатылған сумен шаю;

- жеке гигиенаны сақтау - тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу;

- септик шұңқырларынан 50 м жақын орналасқан бұлақтар мен қоғамдық құдықтардың суын ішуге және тамақ дайындауға пайдаланбау қажет.

Су тасқынынан кейін:

- аумақты су әкелген қоқыстардан тазарту;

- құдықты тазалауды, зарарсыздандыруды, сондай-ақ іргелес аумақты дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикада қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен, тек осы қызмет түріне лицензиясы бар ұйымдармен жүргізу;

- гигиеналық нормативтер талаптарына сәйкестігі туралы зертханалық зерттеу нәтижелерін алғанға дейін құдықтар мен ұңғымалардан суды пайдаланбау;

- егер аурудың алғашқы белгілері дене температурасының жоғарылауы, жүрек айнуы, құсу, нәжістің сұйық болуы, әлсіздік пайда болса — өзін-өзі емдемей, дереу медициналық көмекке жүгіну маңызды.

Қарапайым гигиеналық ережелер мен осы ұсыныстарды сақтау сізге және жақындарыңызға денсаулықты қорғауға мүмкіндік береді!