
Қарағанды облысында қабылданып жатқан іс-шараларға қарамастан, қызылшаны тіркеу жалғасып жатыр, бұл нысаналы жас топтарының балаларын вакцинациямен жеткіліксіз қамтылуына байланысты.
Ағымдағы жылдың 19 наурызына сәйкес қызылшаның 278 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 86%-ды құрайды. Өткен аптада сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 2 есе төмендеді.
Аурушаңдық вакцина алмаған адамдар арасында тіркелуді жалғастыруда, олар 85% немесе 236 адамды құрады. Олар келесі себептермен егілмеген: бас тартулар – 42%, жасына байланысты – 34%, медициналық қарсы көрсеткіштер және егу мәртебесі белгісіздер - 12%.
Вакцинацияның болмауының негізгі себебі (42% жағдайында) ата-аналардың бас тартуы болып отыр. Бұл ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне әкеледі және қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың толық тұрақтануына кедергі болып отыр.
Инфекцияның ошақтарын оқшаулау және оның облыс аумағында таралуын болдырмау үшін эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Балаларды жоспарлы және толықтыра иммундау жалғасуда. Ауру ошақтарында байланысқан адамдарға шұғыл вакцинация жүргізілуде.
Қосымша жаппай иммундау шеңберінде ағымдағы жылы облыста қызылшаға қарсы барлығы 6 айдан 11 айға дейін 1065 бала (26%) егілді, толық қамту вакцинациясы бойынша – 1705 бала (52%), оның ішінде 1 жаста 2220, 6 жаста - 2343 жоспарлы екпе алды.
Облыстық көрсеткіштерінен жоғары сырқаттанушылық Балқаш, Қарағанды қалаларында, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында байқалады.
Науқастардың тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерлері байланысқан адамдарға 21 тәулік бойы медициналық бақылау жүргізеді. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында қызылша жағдайларын тіркеу кезінде вакцина алмаған балалардың баруы уақытша шектеледі.
Естеріңізге сала кетейік, қызылша қоғамдық денсаулыққа елеулі қауіп төндіретін ең жұқпалы вирустық аурулардың бірі болып отыр. Инфекция ауа тамшылары арқылы таралады және вакцина алмаған тұрғындар арасында тез таралып, аурудың өршуіне және ауыр асқынуларға әкеледі.
Инфекция - балалар, жүкті әйелдер, сондай-ақ иммунитеті төмен адамдар үшін аса қауіпті. Қызылша жоғары температура, қатты интоксикация, тыныс алу жолдарының зақымдалуы және өзіне тән тері бөртпелерімен сипатталады. Асқынулардың қатарына пневмония, отит, энцефалит және басқа да ауыр зардаптар жатады.
Қызылшаның алдын алудың негізгі және тиімді әдісі - вакцинация. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізілетін жоспарлы иммундау тұрақты иммунитеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді және ауру қаупін айтарлықтай азайтады. Вакцинация белгілі бір адамды ғана емес, сонымен қатар қоғамда инфекцияның таралуын болдырмай, ұжымдық иммунитетті қалыптастырады.
Қызылшаның алдын алу үшін уақтылы вакцинация және ревакцинациядан өту, алдын алу шараларын сақтау, аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Денсаулық пен өмірді қорғаудың сенімді тәсілі ретінде иммундаудың маңызы туралы халықты хабарландыру ерекше маңызды.
Құрметті ата-аналар, ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес балаларды вакцинациялау үшін тіркелген орны бойынша медициналық ұйымдарға уақтылы хабарласыңыз.
Қызылшаның алдын алу - бұл мемлекеттің, медициналық қоғамдастықтың және әр азаматтың бірлескен жауапкершілігі. Уақтылы вакцинациялау эпидемиологиялық салауаттылықты сақтау және халықтың денсаулығын қорғаудың негізгі шарты.