
БҮГІН, 11 наурызда, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен Қарағанды облысы әкімінің өкімімен құрылған жұқпалы емес аурулардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бірінші отырысы өтті.
Отырыс облыс әкімінің орынбасары Ораз Таурбековтың төрағалығымен және денсаулық сақтау, білім беру, спорт, әлеуметтік сала, кәсіпкерлік және жастар саясаты өкілдерінің қатысуымен өтті.
Отырысты ашқан облыс әкімінің орынбасары Ораз Таурбеков инфекциялық емес аурулар өңір тұрғындарының өлімі мен мүгедектігінің негізгі үлесін қалыптастыратынын атап өтті. Қан айналымы жүйесінің аурулары, онкологиялық аурулар, қант диабеті және тыныс алу органдарының созылмалы аурулары облыстың демографиялық тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді.
Өз баяндамасында Департамент басшысы Юрий Залыгин 2017 жылдан бастап Қарағанды облысында жұқпалы емес аурулардың деңгейі едәуір артқанын атап өтті. Жағдай байыпты назар аударуды және басқарушылық шешімдерді қажет етеді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселесі ретінде "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілген жалпы білім беретін мектеп оқушыларының сауалнамасының нәтижелері қаралды. Департамент бөлімінің басшысы Сергей Дадыверин баяндамада атап өткендей, жасөспірімдер арасында жұқпалы емес аурулардың тұрақты даму қаупі қалыптасуда. Осы ретте, қауіп факторларының құрылымында: теңгерімсіз тамақтану (60-66%-ға дейін фаст-фудты үнемі пайдаланады және көкөністерді жемейді); жоғары сынып оқушыларының 57-60%-на дейін гиподинамия бар; мектеп оқушыларының 30%-да дейін ұйқының созылмалы жетіспеушілігі байқалады; 60%-на дейін күніне 2 сағаттан астам уақытты компьютер немесе смартфон экранында өткізетіндіктері жетекші орын алуда. Осылайша, әрбір екінші балада жұқпалы емес аурулардың кем дегенде бір қауіп факторы орын алуда.
Отырыс қорытындысы бойынша алдын алу шаралары әзірленіп, жағдайды сауықтыру бойынша нақты шешімдер қабылданды.