Қарағанды қаласында аса қауіпті және паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында дератизациялық және дезинсекциялық іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Қарағанды қаласында аса қауіпті және паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында дератизациялық және дезинсекциялық іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылғы 26 ақпанда Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Қарағанды қаласы әкімінің аппараты өкілдері және «TopDez» жеке кәсіпкерлігінің мамандары қатысты.

Басқарма мамандары көктемгі және күзгі маусымдарда аудан аумағында жүргізілетін дератизация және дезинсекция жұмыстарының өзекті мәселелерін көтерді.

Сондай-ақ өткен жылдардағы талдау қорытындылары қарастырылып, 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне сәйкес жаңа ұсынымдар енгізілді.