Қарқаралы ауданында екпенің маңыздылығы, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары тақырыптарында көшпелі семинар өтті

Қарқаралы ауданында  екпенің  маңыздылығы, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары  тақырыптарында көшпелі семинар өтті

Қарқаралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Сәкен Сипатуллин Қарқаралы аудандық ауруханасының медициналық қызметкерлерімен бірлесіп екпенің маңыздылығы, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары, сондай-ақ вакцинамен басқарылатын инфекциялар тақырыптарында көшпелі семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары, уақтылы иммундаудың маңызы және санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара соңында басқарма басшысы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және халық денсаулығын қорғауда профилактикалық іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.