Теміртау қаласында ата-аналармен вакцинацияның маңыздылығы, тиімділігі, қауіпсіздігі және иммундаудан бас тартудың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өтті

Теміртау қаласында ата-аналармен вакцинацияның маңыздылығы, тиімділігі, қауіпсіздігі және иммундаудан бас тартудың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өтті

БҮГІН, 26 ақпанда, “Теміртау қаласының №4 емханасы” КМК Теміртау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен ата-аналармен вакцинацияның маңыздылығы, тиімділігі, қауіпсіздігі және иммундаудан бас тартудың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өткізілген кездесудің негізгі міндеті - ата-аналарды вакцинациядан бас тартудың салдары туралы хабардар ету және вакцинацияға сенімді қатынасты қалыптастыру.
Кездесу барысында туындаған сұрақтарға толық жауаптар берілді.