
БҮГІН, 25 ақпанда, “Clinika Miras“ ЖШС базасында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға діни ұйым өкілдері, облыстық маслихат депутаты және вакцинациядан бас тартқан ата-аналар қатысты.
Басқарманың бөлім басшысы Жанар Беркімбаева қатысушыларға иммундаудың маңыздылығын түсіндіріп, қойылған барлық сұрақтарға жауап берді. Ол вакцинация инфекциялық аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі екенін және ауыр асқынған жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Иммунизация вакцинация арқылы инфекцияларға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған. Бұл инфекциялар мен олардың ауыр салдарынан қорғанудың жалғыз жолы", - деді Жанар Беркімбаева.
Дөңгелек үстелге қатысқандарға балаларын вакцина арқылы қызылшадан қорғауға кеңес берілді.