
БҮГІН, 25 ақпанда, кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгиннің Қарағанды медицина университетінің IV курс студенттерімен кездесуі өтті. Кездесу кәсіби өзін-өзі айқындау және алдағы жұмысқа орналасу мәселелеріне арналды.
Диалог барысында жас мамандардың мансаптық дамуының негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылды: интернатура мен резидентурадан өту, клиникалық немесе басқарушылық бағытты таңдау, практикалық денсаулық сақтау ұйымдары мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметте жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылды. Сонымен қатар кадрларды бөлу, жас дәрігерлерді әлеуметтік қолдау шаралары және заманауи маманға қойылатын құзыреттілік талаптарына ерекше назар аударылды.
Департамент басшысы үздіксіз кәсіби дамудың, біліктілікті арттырудың және заманауи медициналық технологияларды меңгерудің маңыздылығын атап өтті. Студенттер еңбек жағдайлары, мансаптық өсу перспективалары және кәсіби жауапкершілікке қатысты өзекті сұрақтарына жауап алды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, болашақ дәрігерлерге оқуын аяқтағаннан кейін кәсіби жолын жоспарлауға арналған практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.