
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Айзада Рақымжан Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Полиглот» жобасына қатысты.
«Полиглот» жобасы — Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы жүзеге асыратын бастама. Жобаның мақсаты: мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді үйренуге ынталандыру, тіл мәдениетін көтеру.
Жоба аясында бас маман тіл үйрену әдістемелерімен бөлісті және сұрақтарға жауап беріп, «үштілділік – заман талабы, ол адамдардың білімін, дағдыларын кеңейтуге және өзара түсіністікті дамытуға ықпал етеді» деп атап өтті.
Сұқбаттың толық нұсқасын келесі сілтеме арқылы көре аласыздар:
https://www.facebook.com/share/v/1AYqq6GVLc/