Департамент өкілі облыстық білім беру ұйымдарының директорларымен өткізілген селекторлық кеңеске қатысты

Департамент өкілі облыстық білім беру ұйымдарының директорларымен өткізілген селекторлық кеңеске қатысты

БҮГІН, 18 ақпанда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім және тәрбие объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Майра Белгібаева Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Дулат Жекебаевтың төрағалығымен қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары, облыстық білім беру ұйымдарының директорларымен өткізілген селекторлық кеңеске қатысты.
Департамент бөлімінің басшысы М. Белгібаева "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың жаңа форматын түсіндірді, кеңеске қатысушылардың назарын "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруды бақылауға қойылатын жаңа талаптарына аударды.