Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен «Гиппократ» МФ ЖШС емханасында ақпараттық түсіндірме жұмыстары өтті

Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен «Гиппократ» МФ ЖШС емханасында  ақпараттық түсіндірме жұмыстары өтті

Ағымдағы жылғы 18 ақпанда «Гиппократ» МФ ЖШС емханасында Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары өтті. Іс-шараға емхана қызметкерлері мен вакцинациядан бас тартқан ата-аналар қатысты.

Басқарманың жетекші маманы Шолпан Дандибаева қатысушыларға иммунизацияның маңыздылығын түсіндіріп, қойылған барлық сұрақтарға жауап берді. Ол вакцинация инфекциялық аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі екенін және ауыр асқынған жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ата-аналарға балаларын уақтылы иммундау жолымен қызылшадан қорғауға кеңес берілді.