Қарағандыда ата-аналармен вакцинацияның маңызы туралы дөңгелек үстел өтті

Қарағандыда ата-аналармен вакцинацияның маңызы туралы дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылғы 13 ақпанда №3 емханада Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға діни ұйым өкілдері мен вакцинациядан бас тартқан ата-аналар қатысты.

Басқарманың бөлім басшысы Жанар Беркімбаева қатысушыларға иммунизацияның маңыздылығын түсіндіріп, қойылған барлық сұрақтарға жауап берді. Ол вакцинация инфекциялық аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі екенін және ауыр асқынған жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Иммунизация вакцинация арқылы инфекцияларға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған. Бұл инфекциялар мен олардың ауыр салдарынан қорғанудың жалғыз жолы", - деді Жанар Беркімбаева.

Дөңгелек үстелге қатысқандарға балаларын вакцина арқылы қызылшадан қорғауға кеңес берілді.